Оқиға • 28 Шілде, 2022

Өскеменде жанармай құю бекетінің маңында жарылыс болды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соның салдарынан 42 жастағы ер адам көз жұмып, бір баланың денесін күйік шалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде жанармай құю бекетінің маңында жарылыс болды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 шілде күні сағат 08.52-де Өскемендегі Промышленная көшесінде орналасқан ЖҚС аумағында болған.

«Жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде ауа қосындысы жарылды. Соның салдарынан 12 жастағы жеткіншектің денесін термиялық күйік шалды. Қазіргі уақытта ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына шұғыл келген ТЖД құтқарушылары бөшке ішінен 42 жастағы ер адамның денесін алып шықты», делінген ақпаратта.

Алдын ала мәлімет бойынша ол резервуарды тазалаған. Оған 12 жастағы туысы көмектескен. Жазатайым оқиғаның себебі анықталуда.