Медицина • 29 Шілде, 2022

Қауіпті медициналық қалдықтар

1265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Медициналық қалдықтарды жинауға, зарасыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бар. Әйтсе де Алматы және Жетісу облыстары бұл мәселеде енжарлық танытып отыр. Жақында сол санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін екі өңірдің денсаулық сақтау объектілеріне 14 млн теңгеге айыппұл салынды.

Қауіпті медициналық қалдықтар

Жетісу облысы өз алдына дербес өңір болғанымен, әлі де Алматы облысының денсаулық сақтау бас­қар­масына тәуелді. Облыстық санитария қызметі денсаулық сақ­тау объектілерінде қалдықтарды жи­­науға, залалсыздандыруға және сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына байланысты жалпы сомасы 14 млн теңгеге 74 айыппұл салды. Оның ішінде медициналық қалдықтарды жинау, сақтау және есепке алу мерзімдері бойынша заң бұзған жеке тұлғаларға 69 айыппұл, лауазымды тұлғаларға 3 айыппұл және медициналық қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайларын жа­рақтандыру және жабдықтау жө­нін­дегі нормаларды сақтамағаны үшін заңды тұлғаларға 2 айыппұл салынды.

Медициналық қалдықтарды жи­нау­ға, залалсыздандыруға және сақ­тауға қойылатын санитариялық та­лаптардың сақталуы облыстық СЭБД тұрақты назарында. Бүгінде департамент бақылауында 1 793 ме­дициналық ұйым бар. Меди­ци­налық ұйымдардың әрбір құры­лым­дық бөлімшесінде медициналық қалдықтармен жұмыс істеу схемасы әзірленіп, медициналық қалдықтарды жинау және уақытша сақтау үшін жауапты тұлғалар бекітілген.

Медициналық қалдықтарды жинау арнайы бір рет қолданылатын полиэтилен пакеттерде және қақ­пақ­тары тығыз жабылатын ыдыс­тарда жүзеге асырылады. Олар ме­ди­циналық қалдықтардың класына байланысты белгіленеді. Бекітілген кестеге сәйкес мамандандырылған ұйымдармен жасалған келісім шарттар негізінде шығарылып, жойылады. Бұл мекемелерде қалдықтарды дұрыс жоюға арналған пештер мен жабдықтар бар.

Депар­таменттің аумақтық­ бас­­­қар­маларының бақылауында ме­­дициналық қалдықтарды жою­мен айналысатын 14 ұйым бар. Оның біреуінің өңдеу қуаттылығы саға­ты­на – 120 килограмм. Қалған 13-і эпидемиялық маңыздылығы тө­мен объектілер болып саналады.

Жыл басынан бері медициналық қал­дықтардың «А» сыныбының қал­дық­тары – 5 721, 906 тоннаны, «Б» сыныбындағы эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – 18 620, 075 тоннаны, «В» сыныбының эпи­де­мио­ло­гиялық аса қауіпті қалдықтар – 3 360, 991 тоннаны, «Г» сыныбындағы токсикологиялық медициналық қал­дық­тардан 3 616 дананы құрады. Түс­теп көрсетсек, бактерицидтік, лю­минесцентті, құрамында сынабы бар, жарық диодты шамдар, термо­метр­­лер, гигрометрлер және рентген пленкалары секілді қалдықтар шы­ға­рылды.

 

Жетісу облысы