Қоғам • 29 Шілде, 2022

Нұр-Сұлтанда «Газель» өртеніп кетті

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда жолда келе жатқан «Газель» жанып кетті. Алдын ала ақпарат бойынша, көліктегі газбаллон жабдығы жарылған. Құтқарушылар хабарлағандай, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда «Газель» өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 28 шілдеде болған.

«Сағат 15:48-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бөлімшелері хабарлама бойынша шықты. Өрт сөндірушілер келген бойда өрт салдарынан ГБО (газбаллонды жабдық) жарылғаны анықталды. Өрт 16:02-де сөндірілді», делінген ТЖД ақпаратында.

Ведомство оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 5 адамы мен техника бірлігі жұмылдырылған.

а