Қазақстан • 01 Тамыз, 2022

Архившілер тәжірибе алмасты

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Архив жайлы айтар әңгімеміз көп. Жақсы жаңалық ести қалсақ, жарыса жазғымыз келіп тұрады. Құнды құжат­тарды қайта қалпына келтіру оңай шаруа емес. Қазір бұл игілікті іске Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві білек сыбана кіріскен. Жақында Алматы қаласының мемлекеттік архивімен өзара тәжі­рибе алмасып, жаңа техникаларымен таныс­тырды.

Архившілер тәжірибе алмасты

Заманауи құрылғылардың тілін меңгеру – уақыт талабы. Сарғайған құжаттарды ретке келтіру үшін архив қызметкерлері белсенді жұмыс істеуде. Бүгінде жас мамандарға жұмыс жүйесін үйретіп, әріптестерімен білге­нін бөлісуде.

Тәжірибе барысында «Ведомстволық архивті толымдау қызметі» бөлімінің қыз­мет­керлері түпнұсқа құжаттарды іріктеп, қонақ­тарға қайта өңдеу процесін көрсетті. Шежірелі деректерді қаттап, жыртылған жер­ле­рін жамау әдістерін де  үйретті.

Іс-шара соңында елорда архиві алматылық архившілерге арнайы сертификат табыстады. Сер­тификатты «Ведомстволық архивті толымдау қызметі» бөлім басшысының орынбасары Айкен Жакан­қызы  табыстады.

Айта кетейік, қазақ тарихын қалыптастыру үшін билік өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, архив қызметкерлері, заңгерлер жаппай еңбек­тенуде. Бұл, әрине, қуантарлық іс. Қолы­мыздағы бар құжатты шашпай-төкпей жинастырып, өскелең  ұрпаққа табыстап кету ұлтқа парыз.

Осы ретте «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары: ХХ ға­сырдың 20-30-жылдары» деген екі томдық жинақ кітап жарық көрді.

Аталған жинаққа қалалық архив қоймасы­нан алынған тарихи құнды деректер енгізілді. Ұлт үшін, ұрпақ үшін қызмет ету –  ұлы іс. Мұны архив қыз­меткерлері мақтан тұтады.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20