«Суға шомылу маусымы басталғалы бері суға батқан адамдар саны артып отыр. Оның ішінде, әсіресе, балалармен болатын қайғылы жағдайлар бар. Суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды. Балалар тұрмақ, үлкендердің өзі қауіпсіздік ережелеріне аса қатты мән бере бермейтін жағдайлар кездеседі. Соның салдарынан әртүрлі оқыс жағдайлар болады. Елорда аумағында шомылу кезеңі басталғалы бері кәмелетке толмаған 4 бала суға кетіп, қайтыс болды», деді полициядан.
Ведомство баспасөз қызметінен атап өткендей, балалардың ересектер қадағалауынсыз және белгіленбеген орындарда шомылуына жол бермеу керек.