Қоғам • 01 Тамыз, 2022

Құқық қорғауға арналған білім беру платформасы іске қосылады

184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Азаптауларға ұшыраған адамдарға құқықтық қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған, Қазақстанда баламасы жоқ білім беру цифрлық платформасы биылғы қыркүйек айында іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқық қорғауға арналған білім беру платформасы іске қосылады

Фото: politnavigator.net

Бүкіл әлем қауымдастығын дүр сілкіндірген еліміздегі Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Азаптау сияқты ортағасырлық құбылыстарды жоюдың» маңыздылығын атап өтті. Президент «Қазіргі таңда қоғам тарапынан ең көп талап етілетін талаптар – заңды қатаң сақтау» екенін атап өтіп, Бас прокуратураға қаңтар оқиғасының нәтижелерін жан-жақты тексеру бойынша ауқымды тапсырмалар жүктеді. Осы тұрғыдан алғанда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заңның үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігі маңызды болып қала береді. Мәселен, Қазақстан Бас прокуратурасының ресми деректеріне сәйкес, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаға байланысты прокуратура органдарына азаптау, қатыгездік көрсету және «заңсыз тергеу әдістері» туралы 301 арыз келіп түскен, олар бойынша 243 қылмыстық іс қозғалған.

Бірқатар тәуелсіз құқық қорғау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта азаптау немесе басқа да қатыгездік түрлеріне қатысты айыптаулар бойынша тек 9 шенеуніктің ұсталғаны белгілі. Азаптауды қолданды деген күдікке ілінген немесе айыпталған лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі алдын алу шараларын қолдану туралы мәліметтер жоқ. Себебі азаптау немесе қатыгездік құрбандарының көпшілігі түрмеде болған кезде шағым беру механизмдеріне қол жетімділігі шектелген немесе өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін мүлдем білмеген. Жәбірленушілер арыз бере алатын жағдайларда олар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелмеген.

Іске асырылып жатқан жобаның негізгі мақсаттарының бірі – білім беру бағдарламасын ұйымдастыру арқылы Қазақстан азаматтарына құқық қорғау органдарының азаптау немесе өзге де заңсыз әрекеттерімен күресу.

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім полиция қызметкерлеріне бағытталған, келесі бөлімі азапталған адамдарға арналған. Оқу цифрлық платформада еліміздің жетекші заңгерлерінің көмегіне тегін қол жеткізу тетігі орналастырылады. Цифрлық платформада «Азаптамау құқығы» білім беру курсы орналастырылатын веб-сайт, мобильді қосымша, чат-боттар, сонымен қатар азаматтарға арналған «Онлайн-заң клиникасы» тегін заңгерлік кеңес қызметтері мен шұғыл психологиялық көмек көрсету құралдарына қол жеткізе алады.