Аймақтар • 01 Тамыз, 2022

Түркістан облысында кірпіш шығаратын зауыт ашылды

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында кірпіш шығаратын зауыт ашылды

Жобаны «Түркістан» АЭА индустриялық аймағында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Almaty NS Group» ЖШС жүзеге асырды. Инвестиция көлемі 1,7 млрд теңге.

завод 2.jpeg

Зауыттың ашылуына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, «Түркістан» АЭА басқарушы компаниясының өкілдері және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аймақтық директоры Ерсұлтан Жаңабаев қатысты.

завод 1.jpeg

«Almaty NS Group» ЖШС жобаны жүзеге асыруды 2021 жылы бастады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 45 миллион дана кірпішті құрайды. Зауыт айына 3 миллионға дейін кірпіш шығарады. Қазіргі уақытта кірпіш пештері орнатылып, бірінші партияны шығару жұмыстары басталды. Өңірдегі құрылыс материалдарына артқан сұранысты өтей отырып, өнім ішкі нарыққа жеткізіледі. Компания менеджерлері 2023 жылы толық өндірістік қуатқа шығуды болжап отыр.

Айта кетсек, кәсіпорында 50 жаңа жұмыс орны ашылды. 

Бұл жобаның жүзеге асуы Түркістан облысында құрылыс материалдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.