Қазақстан • 01 Тамыз, 2022

Автомобильдерге «SOS» батырмасын орнату міндеттелмейді

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автомобильдерге «SOS» батырмасын орнату міндеттелмейді

«ЕАЭО шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыс барысында автомобильдерге «SOS» батырмасын орнату бойынша міндеттеме алынып тасталды. Бұл әкелінетін әрбір автомобильге осындай құрылғыларды орнату үшін ел азаматтарын қосымша шығынға ұшыратпау тұрғысында тиімді. Сонымен қатар, электр құрылғыларының энергия тиімділігі туралы техникалық регламенттің күшіне ену мерзімі ұзартылды, бұл тұрмыстық техниканың бағасын едәуір арттыруы мүмкін», деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ биыл Стандарттау жоспары шеңберінде 340 стандарт әзірленіп жатыр. Оның 140-ы мемлекетаралық стандарттар. Алғаш рет ғылыми-эксперименттік зерттеулер жүргізе отырып, стандарттарды әзірлеу тікелей көзделген. Қазірдің өзінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар стандарт қабылданды. Атап айтқанда олар электр самокаттарына қатысты.