Спорт • 01 Тамыз, 2022

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 11 медаль иеленді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық еркін күрес балуандары Бухарестте (Румыния) өткен халықаралық турнирде 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 11 медаль иеленді

Турнирде Данияр Қайсанов (74 келіге дейін) және Әділет Дәулімбаев (92 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Екінші орында Абзал Өкенов (57 келіге дейін), Жігер Зәкіров (79 келіге дейін) және Юсуп Батырмұрзаев (125 келіге дейін).

Үшінші орынды Дәулет Ергеш (79 келіге дейін), Бейбарыс Нұрыллаұлы (79 келіге дейін), Ислямбек Ислямов (86 келіге дейін), Бекзат Үркімбай (97 келіге дейін), Серік Бақытханов (92 келіге дейін), Олег Болтин (125 келіге дейін) иеленді.