Елорда • 02 Тамыз, 2022

«Үздік» жобасы аясында елордалық жастарға қолдау көрсетіледі

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада NEET санатындағы жастарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған «Үздік» жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Үздік» жобасы аясында елордалық жастарға қолдау көрсетіледі

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 27 маусымда «Үздік» жобасын іске қосты, оның аясында NEET санатындағы жастармен тығыз жұмыс жүзеге асырылады.

Жоба жастарды әлеуметтендіруге, жұмысқа орналастыруға, бизнес жобалар мен бизнесті оқытуды іске асыруға бағытталған. Аталған жоба аясында мемлекеттік гранттарды бөлу көзделеді.

п

Айта кетсек, техникалық қызмет көрсету және әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін жастар арасында, сондай-ақ NEET санатындағы жастар арасында конкурс өткізіледі. Оның мақсаты - 15 бағыт бойынша жұмысшы мамандықтарының имиджін жақсарту және танымал ету. («Үздік шиномонтажник-2022», «Жыл сантехнигі-2022», «Жылдың ағаш ұстасы-2022», «Жыл электригі-2022», «Жылдың жиһаз құрастырушысы-2022» және т.б.). Екі аптада бір рет әр бағыт бойынша іріктеу болады.

Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін «Үздік» жобасы аясында шет тілдерін оқыту, жылдам оқу, қаржылық және компьютерлік сауаттылық бойынша семинар-тренингтер, бизнес-тренингтер, заңгерлік және психологиялық консультациялар өткізу жоспарланған.

п

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03