Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдау оңтайландырылады

339 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында өтініштерді қабылдау орталықтары жұмыс істейтін аудандық ХҚКО бөлімшелері арқылы өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдау оңтайландырылады

«Енді заңды тұлғаларға құжаттарды тапсыру үшін филиалдың кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Қаланың кез келген ХҚКО жүгінуге болады. Айта кету керек, қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының ауысуы, орналасқан жерінің өзгеруі электрондық хабарлама негізінде емес, автоматтандырылған режимде базаға енгізілмейді. Сондықтан қаланың ХҚКО-ның 6 бөлімшесінде өтініштерді қабылдау орталықтары ашылды, онда 6 жұмыс орны құрылды, 6 оператор жұмыс істейді», деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Мәди Саданов.

Атап айтқанда, хабарлама сипатындағы қызметтерді көрсету ХҚКО - ларда заңды тұлғалардан жіберілетін құжаттардың мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылады:

1)заңды мекенжайының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама
2)заңды тұлға басшысының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама
4) заңды тұлғаның Экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы хабарлама
5)басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлама (Т. А. Ә.)
6) заңды тұлғалардың тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты сұрау салулары.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады, тіркеу алымын төлеу көзделмеген.

Жыл басынан Нұр-Сұлтан қаласының филиалы бойынша хабарлама сипатындағы 5432 өтініш келіп түсті.

Оның 2304 - і ЭҮП, 3128-і кеңсе арқылы қабылданды.