Қоғам • 02 Тамыз, 2022

Мұнай өнімдерін ұрлағандар азаяр емес

192 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл сайын елімізде жанар-жағармай тапшылығы туындайтыны белгілі. Құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, кей пысықайлар ішкі нарыққа арналған мұнай өнімдерін заңсыз жолмен шетелге жөнелтеді екен. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, жыл басынан бері құны 4 млрд теңге болатын жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалған.

Мұнай өнімдерін ұрлағандар азаяр емес

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА мұнай өнімдерін шетелге экс­порттаудың ұйымдас­ты­рыл­ған схемаларының жолын кесу бойынша белсенді жұ­мы­сын жалғасын тапқан.

Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 4 млрд тең­геге жалпы көлемі 20 мың тон­на мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады. Мысалы, Жамбыл облысында Қырғыз Республикасына экспорттамақ болған кезде АИ-92 маркалы бензині бар 5 теміржол цистернасы ұстал­ды. Құжатта бұл басқа өнім, яғни лак кетіретін еріткіш көр­се­тілген. Тәркіленген жанар-жағар­майдың жалпы сомасы шама­мен 60 миллион теңгені құ­ра­ды.

Павлодар облысында «ор­га­ни­калық еріткіш» деген жал­ған атаумен Ресей Федера­ция­­сына экспорттамақ болған ди­зель отыны бар 4 теміржол цистернасы ұсталды. Сондай-ақ Павлодар облысында ЖШС директоры растайтын құжатсыз 660 тоннадан астам мазутты 76 млн теңгеге сатқан.

Бұған дейін 2021 жылы Аты­рау облысында екі компа­ния­­ның директоры жалпы саны 6 мың тоннаға жуық дизель отынын сатып алып, оны 1,8 миллиард теңгеге заңсыз сатқан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Оларды табу үшін аналитикалық құралдар кеңінен қолданылып, терең опе­ра­циялық әзірлемелер жү­зе­ге асырылады. Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бір­лес­кен жұмыс жоспарларына қол қойылды.