Білім • 03 Тамыз, 2022

Докторантураға құжат қабылдау уақыты ұзартылды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Докторантураға түсу емтихандарына өтініш беру және құжаттарды қабылдау мерзімі 5 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Докторантураға құжат қабылдау уақыты ұзартылды

Емтихан күні, уақыты, орны туралы ақпарат 9-10 тамызда Жеке кабинетте қолжетімді болады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл докторантураға түсуге үміткерлер әңгімелесуден өтіп, эссе жазады. Сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған тестін және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады.

«Сонымен қатар докторантураға түсу үшін шет тілін және ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификаты болуы міндетті. TOEFL ITР сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады. 5 тамызға дейін тіркелуге болады, ал емтихан 8 тамызда өтеді», деді Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметінен.