Туризм • 03 Тамыз, 2022

Алматы ICCA туристік қауымдастығының мүшесі болды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы ICCA халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының мүшесі болды (International Congress & Convention Association), деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы ICCA туристік қауымдастығының мүшесі болды

«Қауымдастыққа кіру әртүрлі туристік ұйымдармен – ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Біз қалаға сапалы жаңа туристерді тартуға және ұстап қалуға ниеттіміз», деді Алматының туристік ақпараттық орталығының директоры Едіге Марғұлан.

MICE-туризм соңғы жылдары Қазақстандағы туризмнің басым түріне айналды. MICE-туризм нарығының әлемдік көлемі 7,5% жылдық өсіммен $725 млрд-қа бағаланады. Алматыда жылына 20 халықаралық деңгейдегі іскерлік іс-шара өткізу жоспарда бар.

Айта кетсек, ICCA мүшелері – 88 түрлі елдегі 950 қала. ICCA рейтингісіне сәйкес, Қазақстан MICE-туризм бойынша әлемде 79-шы орында (2020).