Аймақтар • 03 Тамыз, 2022

Төрт-Құдық кен орнына айыппұл салынды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы бойынша экология департаменті Төрт-Құдық кен орны мен «Шарбақты-Құс» ЖШС-ға қатысты профилактикалық бақылау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Төрт-Құдық кен орнына айыппұл салынды

Төрт-Құдық кен орны Павлодар облысы Екібастұз аумағында орналасқан. Онда «Альголд» ЖШС кенді қайта өңдеуді тиісті концентраттарды ала отырып, гравитациялық шоғырландырумен және дәстүрлі флотациялық әдіспен жүзеге асырады.

- Тексеру жүргізу барысында қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау, объектінің санатын айқындау және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы бөлігінде ереже бұзу дерегі анықталды, - деді департамент өкілі.

Департамент «Альголд» ЖШС-не қатысты жалпы сомасы 1 396 728 теңгеге бес әкімшілік айыппұл салды. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді.

Ал «Шарбақты-Құс» ЖШС шаруашылығы жұмыртқа және құс еті түрінде өнім өндіретін мекиен тауықтарды асыраумен айналысады.

- Мұнда тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көрсетілген  талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталды. Бұл өз кезегінде ҚР Экологиялық кодексінің 90-бабының 1-тармағына қайшы келеді. Сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеу бөлігіне де қайшы, - деді департаменттегілер.