Тағайындау • 03 Тамыз, 2022

Ұлттық академиялық кітапхананың жаңа басшысы тағайындалды

682 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханаға жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық академиялық кітапхананың жаңа басшысы тағайындалды

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Елордамыздағы Ұлттық академиялық кітапхана басшысы болып Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева тағайындалды. Жаңа директорды арнайы құттықтап, жұмысына сәттілік тіледік. Кітапханаларды заман талабына сай жетілдіріп, оқуға құштар қоғам қалыптастыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Осы ретте, Ғазиза Құдайбергенқызы білікті маман ретінде тың бастамаларымен, жаңашыл идеяларымен Ұлттық академиялық кітапхана жұмысын одан әрі нығайта түседі деп сенемін», деп жазды министр.