Қоғам • 04 Тамыз, 2022

Полиция қызметкерін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласы ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қызметкерін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

2 тамыз күні сағат 03:50 шамасында облыстық ауруханаға мойын тұсына алған жарақатпен полиция қызметкері жеткізілді. Ол сол жерде есін жимастан көз жұмды.

«Учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды. Қазір бұл іске күдікті – 27 жастағы азамат ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Көз жұмған полицей 26 жаста еді, Маңғыстау облысында туған. Үйленген, 3 баласы бар. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.