Аймақтар • 04 Тамыз, 2022

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Бекенов Қайрат Әскербекұлы қызметінен өз еркімен жұмыстан кетті.

Қайрат Бекенов 1978 жылы 31 қазанда дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын («экономист» мамандығы бойынша), құқық және нарық академиясын («Заңгер» мамандығы бойынша), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын («Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі») бітірген.

Әр жылдары Алматының салық инспекторы, ҚР Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті басқармасының бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ Қайрат Бекенов Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.