Аймақтар • 04 Тамыз, 2022

Маңғыстау облысының тұрғыны ауласында есірткі өсірген

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының тұрғыны үйінің ауласында есірткі өсірген, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстау облысының тұрғыны ауласында есірткі өсірген

23 шілдеде Облыстық ПД-ның қызметкерлері «Қарасора – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Бейнеу ауданының 48 жастағы тұрғынының үй ауласынан көкөністермен бірге өсіп тұрған есірткіге ұқсас 27 шөп тектес өсімдік және автокөлік гаражының ішінен кептірілген есірткіге ұқсас 10 шөп тектес өсімдік, сонымен қатар ауладағы моншаның ішінен бір есірткі қолдануға арналған кесілген бөтелке, екі қағазға оралған өткір иісті марихуана есірткісіне ұқсас затты тәркілеп алды.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Тергеп-тексеру жалғасуда.