Аймақтар • 04 Тамыз, 2022

Алматыда электр самокаттардың жылдамдығына шектеу енгізілді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда самокат тебе алмайтындарға жылдамдық сағатына шамамен 20 шақырымға дейін шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда электр самокаттардың жылдамдығына шектеу енгізілді

«Қалада самокаттарға қатысты шешім қабылданды, тәртіпке келтіруге кірістік. Бірақ, заңның қабылдануын күтіп отырмыз. Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар биыл күзде қабылданады. Қала деңгейінде мердігерлермен меморандумға қол қойдық, олар қазірдің өзінде саябақ аумақтарынан шықты. Қазір осы үш ірі операторға арнайы автотұрақтарды қарастырып жатырмыз. Тәртіп бұзушылар – ережелерді сақтамайтын қаланың жас тұрғындары. Меморандум аясында тамыздың аяғына дейін тәртіп әлдеқайда жақсарады деп сенеміз. Заң шыққанша, бұл мәселені қаламыздың ішкі шешімдерімен қарастырамыз», деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзахановтың айтуынша, Алматыда ортақ серіктестіктердің электрлі самокаттарына қазірдің өзінде шектеу қойылған.

«Жылдамдық сағатына 25 шақырым. Бұл – самокат тебуді енді үйреніп жүргендерге. Ал, самокат тебуді үйренбегендерге сағатына шамамен 20 шақырым болады», деді Ғани Мырзаханов.