Өнер • 05 Тамыз, 2022

Индонезияда – қазақ мәдениеті

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Индонезияда Димаш Құдайберген мен Қазақстан мә­де­ниетіне арналған көрме өтті» деген хабар жетті елге.

Индонезияда – қазақ мәдениеті

«Елдің атын ер шығарады». Ендігі уақытта Димаш десе – қазақты, қазақ десе – Димашты біледі әлем.

Көрме Индонезияның астанасы Джакартада 10 күнге ұла­сатын көрінеді. Индонезия Рес­публикасының Ұлттық кі­тапха­насында 10 күн бойы қа­зақ мәдениеті салтанат құ­рып, Димаштың бұлбұл даусы естіледі. Көрме барысында елімізге тән суреттер мен кәдесыйлар ұсынылыпты.

Қазақ өркениетін әйгі­ле­ген іс-шараны Қазақстан Республикасының Индоне­зия­дағы елшілігі мен Индонезия Рес­публикасының Нұр-Сұлтан­дағы елшілігінің қолдауымен Димаш Құдайберген және DIDFC индонезиялық фан-клубы ұйымдастырды. Ашы­лу рәсі­мінде Димаштың жан­күйерлері «Дайдидау» және «Любовь уставших лебедей» әндерімен таңғажайып қойы­лымдар қойды. Аталған әндер түпнұсқада және индонезия тілінде шырқалды.

Әншінің шығармашылығы­мен танысқаннан кейін қазақ тілін меңгеруге ден қоя бастаған жанкүйері Тита Джаджосман Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Ке­бек» поэмасын оқып, қонақ­тарды таңғалдырды.