Қоғам • 05 Тамыз, 2022

Петропавлда мүгедек әйелді зорлаған 2 ер адам ұсталды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл полициясына 32 жастағы сырқат әйел жалға берілетін пәтерде зорланғаны жайында арыз түсті. Күдіктілердің екеуі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Петропавлда мүгедек әйелді зорлаған 2 ер адам ұсталды

Әлеужеліде Петропавл қаласында мүгедектігі бар қызды үш ер адамның зорлағаны жайында ақпарат тарады.

Оқиға 3 тамызда болған. Зардап шеккен қыздың танысы хабарлағандай, ол бойжеткеннің ақыл-есінің кемістігі бар, анасы да ауырады. Көпқабатты үйдің ауласында әткеншек теуіп отырған оны көршілерінің бірі қасындағы үйге, жалға берілетін пәтерге алып кеткен. Ол жерде тағы екі ер адам болған.

«Ол таңертең менің алдымнан шықты, оны ұрған. Не болғанын айтып берді. Полицияға барып арыз жазды. Сараптамадан өтті», дейді зардап шегушінің танысы.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты түсінік берді.

«3 тамыз күні Петропавл қалалық полиция басқармасына Абай көшесіндегі жалға берілетін пәтерлердің бірінде облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы хабарлама түсті. Бұл факті ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция СҚО-ның 48 және 32 жастағы екі тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қалған ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді», делінген хабарламада.