Спорт • 06 Тамыз, 2022

Рината Сұлтанова Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 тамызда Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастығы ойындары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Рината Сұлтанова Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Доданы Қазақстанның тректегі велоспорт командасы екі медальмен сәтті бастады. Павлодар облысының спортшысы Рината Сұлтанова велосипедпен тректегі «скретч» жарысында 1-орын еншіледі.

- Менің дайындығым Нұр-Сұлтан қаласындағы велотректе өтті. Бұл спортта жүргеніме 14 жыл болды. Өзімді спорттың бірнеше түрінен сынап көрдім. Велоспорт қызықты болып көрінді, - деді Рината Сұлтанова.

Спортшы алтын медаль алғандағы жарысы жайлы да айтып өтті.

- Жалпы, скретч деген – тактикалық жарыс. Тактиканы әр спортшы өзіне қарай құрады. Бүгін қарсыластарымның менен 1 айналымға асып кетпеуін қарап отырдым. Ал, соңында сытылып шығып, мәреге бірінші келудің сәтін күттім. Бұл маған жеңіс әкелді, - деді велоспортшы.

Айта кетсек, бұл жарыс түріне 8 елдің спортшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20