Әлем • 07 Тамыз, 2022

Финляндия Ресей азаматтарына виза беруді шектеуі мүмкін

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндия өзінің визалық саясатын қайта қарап, Ресей азаматтарына туристік виза беруді шектеуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финляндия Ресей азаматтарына виза беруді шектеуі мүмкін

Бұл жайлы Финляндияның сыртқы істер министрі Пекка Хаавистоның Helsingin Sanomat басылымына берген сұхбатынан кейін белгілі болды.

Онда министрлік ресейлік туристер арасында «виза алаяқтығына» жол бермеу үшін заңды және тиімді үлгілерді іздеп жатқаны айтылған. Сондықтан Ресей азаматтарына туристік виза беру саясатын мемлекеттік деңгейде қайта қаралуы мүмкін. Министр осы айдың соңында Чехияда өтетін Еуропалық Одақ (ЕО) Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс жиналысында осы мәселені көтеруді жоспарлап отыр. 

Оның айтуынша бұл Шенген визасы енгізілген елдер үшін ортақ мәселе.

«Мысалы, көптеген адамдар Хельсинки-Вантаа әуежайына басқа елдерден рәсімдеген Шенген визалармен келеді», деді ол. 

Айта кетейік, Норвегия мен Финляндияның COVID-19 шектеулері жойылғаннан кейінгі үш аптада Ресейден келушілер саны күрт өскен.