Павлоларлық Рината Сұлтанова додада велоспорттан екінші жарысқа қатысып, тағы да алтыннан алқа тақты. Ол 5 тамызда тректегі «скретч» жарысында 1-орын алған болатын.
- Рината Сұлтанова Ислам ынтымақтастық ойындарындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Із кесу сайысында алтын медаль иегері атанды және ол 3 минут 36 секундта 3 шақырымды еңсеріп, Қазақстанның рекордын орнатты, - деді Павлодар облыстық жоғарғы спорттық шеберлік мектебі таратқан хабарламада.
Еске салайық, Рината Сұлтанова велоспорттан Азия чемпионатының 6 мәрте, Азия кубогінің 2 мәрте жүлдегері.