Медицина • 08 Тамыз, 2022

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде

508 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «СҚ-Фармация» Басқарма төрағасы Ерхат Искалиев мемлекет кепілдік берген тегін көлем (ТМККК) шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы әңгімеледі.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде

Ол өз сөзінде соңғы жылда­ры халықты дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз етуге көзделген ден­сау­лық сақтау бюджетінің өсуі бай­қалатынын атап өтті.

«Осылайша, 2022 жылы Қазақ­станның денсаулық сақтау жүйе­сі­нің мемлекеттік бюджетінің шы­ғындары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өсті. Бұл ретте әлеуметтік ме­ди­циналық сақтандыру жүйесі шең­­берінде амбулаториялық дәрі­­мен қамтамасыз етуді (АДҚ) қар­жыландыру ағымдағы жылы 46%-ға артты. Мемлекет жыл са­йын нозологияларды қамтуды және дәрілік заттарды тегін негіз­де алатын адамдардың санын ұлғайта отырып, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған қаржыландыруды ұлғайтады. Бірыңғай дистрибьютормен 2 мыңнан астам ме­ди­ци­на­лық ұйым дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі және 5 млн-нан аса пациент сатып алынатын дәрі-дәрмектерді алушы болып саналады. Сатып алу алдын ала жүргізіледі, ал келесі жылға арналған дәрі-дәрмектер биыл сатып алынады», деді ол.

Медициналық ұйымдар 2022 жылға 1 610 дәрілік заттар мен ме­дициналық бұйымдар қажет­ті­лі­гін мәлімдеген.

«Бір жыл ішінде барлығы 189,9 млрд теңге үнемделді. Бұл ретте үнемделген бюджет қосымша сатып алуға бағытталады. Бұл па­циент­­тердің көбін тегін дәрімен қам­та­масыз етуге мүмкіндік бе­ре­ді. Мұндай нәтижеге сатып алуды орталықтандыру және бар­­лық өңірден қажеттілік кө­ле­­­­мін шоғырландыру ықпал етті. Медициналық ұйымдарда, Бірыңғай дистрибьютордың қой­ма­­ларында және жеткізушілерде әрдайым дәрі-дәрмектердің тө­мен­­­детілмейтін қалдығының бе­кі­­тілген деңгейі болады. Сатып алынатын дәрі-дәрмектердің жалпы санының 25%-на дейінгі кө­лемде төмендетілмейтін қор­ды қалыптастыру маңызды шара болды. Бұл өз кезегінде, дәрі-дәр­мектерді үздіксіз жеткізуді қам­­тамасыз етуге, халықтың қа­­жет­тіліктеріне жедел әрекет етуге, жеткізілім циклін оңтай­лан­­­дыруға және есеп пен жос­пар­лау­дың дәлдігін қамта­масыз етуге мүмкіндік береді», деді Басқарма төрағасы.

Бұдан басқа, елдің медицина­лық ұйымдарына кесте бойынша КВИ емдеу хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмектер үздіксіз жөнелтіледі және айлық қор қам­­та­масыз етіледі. Оның сөзі­не қа­ра­ғанда, 2022 жылдың ба­сынан бастап стационарлық кө­мек шеңберінде медициналық ұйым­дар­ға 6,39 млрд теңге сомасына дәрі-дәрмектер жөнел­тілді.

«Амбулаториялық дәрі-дәр­мек­пен қамтамасыз ету шең­бе­рінде COVID-19-дың жаңа нозо­логиясы енгізілді және емхана­лар­ға дәрі-дәрмектердің 5 түрі – қызуды төмендететін дәрі-дәрмектер мен антикоагулянттар жөнелтілді. Республика емханаларына 2,15 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер жеткізілді. Логис­ти­ка жүйесі жеткізудің жаңа алгорит­міне көшті, формат стати­ка­лық жүйеден динамикалық форматқа өзгертілді. Дәрі-дәр­мек­­терді тасымалдауға арнал­ған қашықтықты төрт есеге қыс­қар­тып, жеткізілімнің жедел­дігі мен уақтылығын күшейте алдық. Форс-мажор жағдайында мұндай тәсіл – жеткізілімнің бұзылу қаупін азайтады, жеткізілімнің әр буынының үздіксіздігін қам­та­масыз етеді. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы қа­зақ­­стандық фармацевтика өнер­кә­сібінің әлеуетін дамытуға зор мән беріп, 2025 жылға қарай Қазақстанның фармацевтика нары­ғындағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға дейін арттыруды тап­сырды», деді «СҚ-Фармация» басшысы.

Үкімет осы көрсеткішке қол жеткізу жөнінде бірқатар шара қабылдауда. Атап айтқан­да, назарды медициналық бұйым­дар­дан дәрілік заттарға арналған ұзақ мерзімді шарттарға аудару, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді шарт­тардың жобаларын іске асыру, R&D орталықтарын құру, ұзақ мерзімді шарттар жасасу мақ­са­тында бірегей дәрі-дәр­мек­терді шоғырландыру, қымбат инновациялық дәрі-дәрмектерге ұзақ мерзімді шарттар жасасу.

«Кәсіпкерлік бастаманы қол­дау мақсатында сатып алу қа­ғи­­даларында отандық тауар өн­ді­рушілермен 10 жылға ұзақ мерзімді шарттар жасасу рәсім­дері бекітілді. Бүгінде Бірыңғай дистрибьютор 804 дәрі мен 3 944 медициналық бұйымдарды жеткізу­ге 34 қазақстандық өнді­ру­шімен 10 жылға 92 оффтейк келі­сімшарт жасасты. 2021 жылы жергілікті өндірушілерден анти­ко­видтік вакциналарды сатып алуды ескере отырып, жалпы көлемде сатып алу үлесі 41%-ды құрады. Отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті қол­даудың нақты шаралары іске асырылды – ұзақ мерзімді шарт жасасуға өнім берушілерді іріктеу өлшемдері қайта қаралды, R&D орталықтарын құру, қымбат инновациялық дәрі-дәрмектерге ұзақ мерзімді шарттар жасасу, қайталама қаптамаға шығарылған қазақстандық сертификатты алу мүм­кіндігі, стратегиялық дәрі­лік заттар мен медициналық бұ­­йымдар үшін ұлттық тіркеу рә­сім­­дерін сақтау, кластерлік бас­таманы дамыту (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалалары). Әрине, Бигфармның ірі ойыншыларымен өзара әрекеттесуге ерекше көңіл бөлінеді және бүгінде РОШ, Новонордиск, АстраЗенека, Сандоз, Такеда сияқты жаһандық фармацевтика алыптарымен бірқатар жоба жоспарланған. Қазіргі уақытта РОШ компания­сымен Қазақстанның білім беру және ғылым саласындағы флаг­маны саналатын Назарбаев университеті базасында зертханалық диагнос­тика бойынша инновациялар орта­лығын құру жөніндегі жоба іске асырылуда. Сондай-ақ Қазақ­­станның Денсаулық сақтау ми­нис­трлігі РОШ компаниясымен онкологияға қарсы дәрі-дәрмек­тердің бірлескен өндірісін ашу бойынша меморандумға қол қой­ды», деді ол.

Айта кететін жайт, Прези­дент­тің тапсырмасына сәйкес, Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру бо­йынша белсенді жұмыс жүр­гізілуде. Медициналық техниканы орталықтандырып сатып алуды екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. I кезең – 2022 жылы медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру (қанатқақты жоба) және II кезең – 2023 жылдан бастап жергі­лік­тен­діру/келісімшарттық өндіріс шарттарында ұзақ мерзімді шарттар жасасу, өмірлік цикл ке­лі­сімшарты. Бүгінде ме­ди­ци­налық техниканың ірі әлем­дік өндірушілерімен жер­гі­лік­тендіру/келісімшарттық өн­­­­ді­ріс мәселелері белсенді түрде пысықталуда. Canon, Philips, General Electric және басқа компаниялар өндірісті шоғырландыруға қызығушылық танытты. Осының барлығы медициналық техниканы сатып алуды жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, қажетті медициналық жабдықпен жарақтану деңгейін арттыруға, сатып алуды шоғырландыру және техникалық тапсырманы біріздендіру есебінен оның құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сон­дай-ақ сервистік қызмет көр­сету мен кадрларды оқыту са­пасы артады, медициналық тех­ника нарығында отандық тауар өндірушілердің үлесі артады.