Оқиға • 09 Тамыз, 2022

Аралда жол апатынан бір адам көз жұмды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Арал ауданында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аралда жол апатынан бір адам көз жұмды

Оқиға 8 тамызда сағат 18:45 шамасында болған. Арал қаласындағы Абай көшесінің бойында екі автокөлік соқтығысқан.

«Тексеру барысында «ГАЗель» жүргізушісі қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВМW маркалы автокөлігімен соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасынан ВMW автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылған. Жүргізуші аудандық ауруханада қайтыс болды», деп мәлім етті Арал аудандық полиция бөлімінен.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған.