Оқиға • 09 Тамыз, 2022

«ҚазТрансГаз Аймақ» лауазымды тұлғаларына қатысты іс тергеліп жатыр

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«ҚазТрансГаз Аймақ» лауазымды тұлғаларына қатысты іс тергеліп жатыр

«2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 миллиард теңге екені анықталды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалымен газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған. Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді», делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, нәтижесінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленген. Қызылорда облысының тұрғындары 2022 жылдың 1 тамызынан бастап газ үшін төмендетілген тарифке көшкен.