Аймақтар • 11 Тамыз, 2022

Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесу барысында шаһар басшысы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды

Алматыда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың мемелекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Әуезов ауданыда 97 көпқабатты үйде 190 лифт жаңартылған.

- «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жыл басынан бері 8 үйдің жалпы пайдалану орындары жөнделді және 97 үйде 190 лифт ауыстырылды. Жыл соңына дейін 8 үйдегі 12 лифтіні қосымша ауыстыру және 32 үйдегі жалпы пайдалану орындарын жөндеу жоспарда», - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол аудан бойынша тұрақты су басудың 5 учаскесі анықталғанын атап өтті.

«Бүгінгі күні екі учаске жойылды, 2022 жылдың соңына дейін қалған үш учаске бойынша жұмыстар аяқталады. Ол үшін Момышұлы көшесінде диаметрі 1 метр және ұзындығы 2,1 км жаңа су бұру каналы салынады, сондай-ақ Жұбанов, Қабдолов, Өтеген батыр көшелеріндегі ұзындығы 3,5 км коллектор қалпына келтіріледі. Бұдан басқа 2023 жылдың соңына дейін ұзындығы 44 шақырым 67 көшеде арық желілері салынып, қайта жаңғыртылады», деді әкім.