Қоғам • 11 Тамыз, 2022

Ақтөбеде 5 айлық баласын көшеде ұмытып кеткен ана анықталды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласындағы көшедегі орындықта бес айлық бала жалғыз өзі жатқан. Кейінірек анасы сәбиін ұмытып кеткені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде 5 айлық баласын көшеде ұмытып кеткен ана анықталды

Бүгін түнгі сағат 1:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы №3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, бес айлық баланы көтеріп әкелді. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын сәбиді қаладағы 8-наурыз көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан тауып алған. Бала орындықта жылап жатқан.

«Қалалық ювеналды полиция тобының бастығы Ботакөз Жалекешованың айтуынша, екі таныс келіншек бір-бірін көшеде көріп қалған. Аз кем әңгімеден соң әйелдің мас күйінде жүргенін сезген ақтөбелік келіншек қоштасқан кезде қайта бұрылып, артына қарайды. Сол кезде орындықтағы сөмкенің жанында жылап жатқан баланы да көреді. Ол баланы алып, полицияға тапсырған», делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір бала «Үміт» балалар үйінде. Баланы анасына қайта беру, бермеу мәселесін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия шешеді.