Президент • 11 Тамыз, 2022

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездесті

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Абдулла Шахидке ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейту жолында оның бұл сапарының маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент  БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездесті

Президент жаһандық бейбітшілікті, қауіпсіздік және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі Дүниежүзілік ұйымның айрықша рөлін атап өтті. Сонымен қатар Абдулла Шахидтің БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы лауазымындағы белсенді қызметін жоғары бағалады.
 
«БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы – барша адамзат үшін ең қажетті шешімдерді ұсыну мақсатымен басшылардың сындарлы жағдайда бас қосуы үшін бірегей мүмкіндік. Біз осы маңызды іс-шараны нәтижелі өткізу үшін Сіздің қосып отырған үлесіңізді құрметтейміз», деді Мемлекет басшысы.

п
 
Өз кезегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы елімізге, Орталық Азияға алғаш рет келгенін айтып, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы 30 жылдық кезеңдегі көпжоспарлы әріптестіктің деңгейіне көңілі толатынын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің бастамасымен елімізде жүзеге асырылып отырған ауқымды реформаларды, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өткен референдумды жоғары бағалады.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 13-15 қыркүйете елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезі өтетініне тоқталып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауына алғысын білдірді бағалайтынын жеткізді.
 
Абдулла Шахид Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жиынын маңызды алаң деп атап, съездің мәртебесін жоғары бағалады. Оның айтуынша, әлем елдерінде көп жағдайда түсінбестік адамдардың наным-сеніміне қарай кемсітуінен туындап жатады. Сондықтан БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы діни көшбасшылардың жетінші съезінде рухани жетекшілердің әлемдік бейбітшілікті насихаттауы негізгі месседж болатынына сенетінін жеткізді.