Күн сайын тәжірибелік дәрігерді: диагноз дұрыс қойылды ма, ауруды анықтау әдісі дәлелденген бе, жоқ па, науқасты емдеу барысында қандай әдісті пайдаланған жөн деген сынды түрлі сұрақтар мазалайды. Әрі оған жауап іздеу барысында мамандар көбінесе жоғары оқу орнынан алған біліміне, өзінің немесе әріптестерінің тәжірибелеріне жүгінеді. Сол себептен де емдеу барысында дәрігер біраз қиындықтарға тап болуы мүмкін. Кейде оның белгілі бір терапиялық әдісті қолдануына әріптестері мен сарапшылар, медициналық ұйым басшыларының пікірі, түрлі ақпарат көздері (ғылыми мақала, шолулар) әсер етеді. Осы орайда дәрігерлердің халықаралық клиникалық нұсқаулықтардағы дәлелденген ұсыныстарды пайдалануы маңызды. Бұл, өз кезегінде медициналық көмек сапасын арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге септігін тигізеді. Яғни клиникалық нұсқаулықтар дәрігер мен науқастың дұрыс шешім қабылдауы үшін дайындалады. Науқасты емдеу кезінде дәлелді медицинаға негізделген клиникалық ұсыныстарды қолдану – ұйымдағы қосымша шығындардың алдын алуға, азаматтардың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал халық денсаулығы – елдің белсенді дамуына, экономикасына, әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Тіпті Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтауға арнайы тоқтала келіп, елімізде саламатты өмір салтын орнықтыруды, саланы дамыта отырып қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттыруды атап көрсетті. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі. Мұның бәрі ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дегенге саяды. Иә, оған не жетсін!
Бұл тұрғыда елімізде денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлініп отыр. Соның нәтижесінде халықтың дәрігерлік қызметпен қамтылу деңгейі жоғарылады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұлғайту есебінен еңбекке уақытша және тұрақты қабілеттілік деңгейі артты. Республикадағы барлық дерлік емдеу-сауықтыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Сала қызметінің тиімділігін арттыру үшін 2011 жылдан бастап медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету мекемелерінде қызметкерлер, психологтар енгізілді. Ал 2009 жылдан бері елімізде артериялық гипертензияны, сүт безі обыры мен жатыр мойыны обырын ерте диагностикалауға қажетті скринингтің үш түрі кіргізілген болатын. Қазіргі таңда Ұлттық бағдарлама 6 онкологиялық ауруды ерте анықтауға бағытталған 11 скринингтік бағдарламаны қамтиды.
Анна ЦЕПКЕ,
«Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК Денсаулық сақтауды стандарттау орталығының жетекшісі.

Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16