- Бүгінде қос мемлекет - қарым-қатынасты жан-жақты дамытқан, сауда-экономикалық байланысты мықтай түскен бауырлас елдер. Қазіргі уақытта Атырау облысында ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Осы бағытта бірлесе жұмыс істесек, тауар айналымын арттыруға мүмкіндік туады, - деді Серік Шәпкенов.
Қос тарап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және жеткізу жайын да талқылады.
Атырау облысында өзбек капиталының қатысуымен көтерме және бөлшек сауда, қызмет көрсету, сондай-ақ құрылыс саласында 91 кәсіпорын тіркелгенін айта кету керек.