07 Мамыр, 2014

Бейбітшілік және келісім орталығы құрылды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Пар­ламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаковтың бастамасымен Петропавл құрылыс-эко­номика колледжінде студенттердің бейбітшілік және келісім орталығы құрылды. Оның ашылу салтанатына қа­тысқан облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Наиль Салимов мұндай үрдіс елімізде ал­ғаш рет қолға алынып отырғанын, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатымен сараптама топтары жұмыс істейтінін жеткізді. Акт залына жиналған оқы­ту­шылар мен студенттер ғарышкер Александр Викторенкомен өткі­зілген телекөпірді тамаша­лады. А.Башмаков солтүстік­қазақ­стандықтар атынан жерлесімізге ыс­тық сәлем жолдады. 14 оқу озатына А.Викторенко атындағы стипендияларды табыс етті. Осымен екінші рет беріліп отырған атаулы дипломдарға бір топ ұстаздар мен әлеуметтік әріптес ұйымдар ие болды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.