Аймақтар • 13 Тамыз, 2022

Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда тұрғын үйдің ауласынан есірткі зертханасы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды

БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2022» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықтағанындай, Орал қаласының 1971 жылғы тұрғыны қарасора өсіретін жылыжайды ұйымдастырған.

Басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция подполковнигі Әнуар Халеловтің айтуынша, аталған тұрғын тыйым салынған өсімдіктерді өсіру үшін үйінің ауласына арнайы жабдықтар орнатып, тыңайтқыштар сатып алған.

«Үйдің ауласынан жасырын қоршалған бөлме табылды, оның ішінде қарасора тәрізді өсімдіктері бар бес пластикалық контейнер болды. Сондай-ақ гаражда есірткі зертханасы ретінде жабдықталған жасырын жертөле анықталды. Қабырғалары арнайы материалмен қапталған, өсімдіктерді өсіруге арналған жарық шашқыш және жылу шамдарымен жабдықталған, сору жүйелері, градустық құрылғылары бар ауа ылғалдандырғыш орнатылған. Тінту кезінде қарасора тәрізді өсімдік бұталары, белгілі бір иісі бар жасыл өсімдік тектес зат, қарасора тұқымын орау, электрондық таразы, өсімдіктерді өсіруге арналған түрлі тыңайтқыш тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды, деді Ә.Халелов.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігіне (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.