«Құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын!
Жан-жағымызда тұрған көз сүйсінер ғимараттар, үйлер, мектептер, ауруханалар, сәулет нысандары – осының бәрі құрылысшылардың еңбегі! Олардың тоқтаусыз және күнделікті еңбегінің арқасында бір кездегі шағын қала өркендеген елордаға айналды. Қала тұрғындарының саны төрт есе өсті!
Ел астанасында 1997 жылдан бері 32 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй, ондаған әлеуметтік нысан, оның ішінде мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, спорттық және мәдени нысандар салынды», деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.
Сондай-ақ әкімнің айтуынша, соңғы үш жылда елордада 5 жылдық норма орындалды және соның нәтижесінде 8 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді әлеуметтік баспана құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды.
«Көз сүйсінер көрікті қаламыз армандар орындалатын мекен болып саналады. Қала тұрғындары сапалы білім алып, карьера жасайды, отбасын құрып, баспаналы болады. Елорданың дамуына әр адам өзінің үлесін қосып келеді.
Құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Зор денсаулық, бақыт, табыс және әрбір бастамаларының орындалуын тілеймін!», деп жазды Алтай Көлгінов.