Аймақтар • 15 Тамыз, 2022

Солтүстік өңірлерде қант қымбаттады

1228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында биыл шілде айында қант өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 80 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік өңірлерде қант қымбаттады

Петропавл тұрғындары қанттың бағасы 800-900 теңгеге дейін жеткеніне шағымданып отыр. Облыс әкімдігі қанттың бағасы 500 теңгеден аспайтынын мәлімдеді. Халық оны бірден әлеуметтік баға деп атады. Қазір халықтың дүрлігуі аздап басылды, алайда тек коммерциялық бағадағы қантты ғана шектеусіз мөлшерде сатып алуға болады.

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, бір жыл ішінде өңірде тек қант қана қымбаттамаған. Ұнның бағасы да 40%-дан астам өсті. Жарма, тоқаш және кондитерлік өнімдер, макарон, жемістер үштен бірге қымбаттаған. Сүт өнімдерінің бағасы 20%-ға, көкөністер 24%-ға өскен. Жалпы азық-түлік тауарлары тобы бойынша бағаның өсуі 20%-ды құрады.

Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 14%-ға, ақылы қызметтер 8%-ға артқан. Жуу және тазалау құралдары, құрылыс материалдары, киім-кешек пен аяқ киім, фармацевтикалық өнімдер, тұрмыстық техникалардың барлығы қымбаттаған.

Сондай-ақ мейрамхана мен сұлулық салонының қызметтері орташа есеппен 20%-ға өскен. Жалдамалы баспана 16 пайызға қымбаттаған.