Елорда • 15 Тамыз, 2022

Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Мемлекеттік күзет қызметімен» бірлесіп Қоянды су қоймасының аумағын жинау бойынша сенбілік өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды

Іс-шара жұрт назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне, табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

л

Сенбілікке 6 ұйымнан 80 адам қатысты. Олардың қатарында «Мемлекеттік күзет қызметінің» әскери қызметшілері, «Эко Полигон Астаны» ЖШС, «Clean City NC» ЖШС, «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» МКҚК және «Арғын Строй 2015» ЖШС кәсіпорындарының өкілдері бар.

Қоймадан 19 тонна қалдық шығарылды.