Тәжін киіп даңқтың
Несіпбек АЙТҰЛЫ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Көтерілді өр тұлғаң тас тұғырға тағы да, Туған ұлсың, Ер баба, қазағыңның бағына! Тәжін киіп даңқтың, тоңын бұзып тарихтың, Батырлықтың өзіңсің қонған алтын тағына. Көктей өтіп жылдарды дауылдатып басылған, Сенің атың көшеді ғасырларға ғасырдан. Тұлпарыңның дүбірі құлағында дәуірдің, Қалың жауды төңкеріп Алтай таудан асырған. Қасіретті аластап, қиянатты қақпайлап, Халқың отыр бақыттың белдеуіне ат байлап, Бостандығын қазақтың бар әлемге әйгілеп, Сенің рухың – төбемде желбіреген Көк байрақ! Айбат шегіп дұшпанға ел-жұртыңа қас қылған, Тұра берер қасқайып қасиетті тас тұлғаң! Желеп-жебеп қолдадың – ұрпағыңды қорғадың, Желтоқсанда кешегі жанарына жас тұнған!.. Жамағатты жиналған жалт қаратып сөзіме, Аруағыңды шақырсам, көрінер ме көзіме?! Атамекен төсінде алшаң басқан алаңсыз, Бүкіл қазақ қарыздар мәңгі-бақи өзіңе!..Бокстан бас бапкер Азия чемпионатындағы екі нәтижемен келіспейтінін айтты
Бокс • Бүгін, 11:15
Астанаға миллионнан астам турист келді
Туризм • Бүгін, 11:00
Қазақстан рекорды жүзуден үшінші рет жаңарды
Спорт • Бүгін, 10:50
Ел оқушылары халықаралық олимпиадада жүлделі болды
Білім • Бүгін, 10:40
Ұлытау облысында 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
Экономика • Бүгін, 10:15