Тәжін киіп даңқтың
Несіпбек АЙТҰЛЫ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Көтерілді өр тұлғаң тас тұғырға тағы да, Туған ұлсың, Ер баба, қазағыңның бағына! Тәжін киіп даңқтың, тоңын бұзып тарихтың, Батырлықтың өзіңсің қонған алтын тағына. Көктей өтіп жылдарды дауылдатып басылған, Сенің атың көшеді ғасырларға ғасырдан. Тұлпарыңның дүбірі құлағында дәуірдің, Қалың жауды төңкеріп Алтай таудан асырған. Қасіретті аластап, қиянатты қақпайлап, Халқың отыр бақыттың белдеуіне ат байлап, Бостандығын қазақтың бар әлемге әйгілеп, Сенің рухың – төбемде желбіреген Көк байрақ! Айбат шегіп дұшпанға ел-жұртыңа қас қылған, Тұра берер қасқайып қасиетті тас тұлғаң! Желеп-жебеп қолдадың – ұрпағыңды қорғадың, Желтоқсанда кешегі жанарына жас тұнған!.. Жамағатты жиналған жалт қаратып сөзіме, Аруағыңды шақырсам, көрінер ме көзіме?! Атамекен төсінде алшаң басқан алаңсыз, Бүкіл қазақ қарыздар мәңгі-бақи өзіңе!..Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40
Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейе түсті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:33
Жетісудағы тұңғыш иппотерапия орталығы
Аймақтар • Бүгін, 09:30
Жауапкершілікке тарту үдерісін жеделдету маңызды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:28
Күнкөріс деңгейі қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 09:25
Инфляция • Бүгін, 09:23