Спорт • 16 Тамыз, 2022

Табыстары – 2 117 000 доллар

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның «Тобыл», «Астана», «Қайрат» және «Қызылжар» клубтары еурокубокта сәтсіз өнер көрсетіп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтағаны белгілі.

Табыстары – 2 117 000 доллар

Соған қарамастан, аталған командалар материалдық тұрғыдан біраз олжаға кенелген көрінеді. KazFootball.kz сайты таратқан мәліметке сүйенсек, биылғы маусымда қазақстандық клубтар 2 117 000 АҚШ доллары көлемінде пайда тапты. Тар­қатып айтсақ, «Тобылдың» есепшотына 845 000 доллар түскен. Оның 285 000-ы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші ірік­теу кезеңіне қатысқаны және 560 000-ы Кон­фе­рен­ция лигасының үшінші кезеңіне шық­қаны үшін. Соңғы жа­рыста дәл сол межеден кө­­рін­ген «Қызылжарға» да 560 000 доллар тиесілі.

Ал «Астана» мен «Қайраттың» Конферен­ция кубогының екінші кезеңінде сүрінгені мәлім. Сол межеге жеткені үшін олардың қазынасы 356 000 долларға толығады.