Спорт • 16 Тамыз, 2022

Қытайдан қалып қойдық

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда дзюдодан Тұрат Жолдыбаевты еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста жерлес­теріміз 5 алтын, 7 күміс және 13 қола медаль иеленді.

Қытайдан қалып қойдық

Каспий жағалауында өткен жарысқа Қазақстаның қосалқы құрамдағы балуандары қатысты. Солардың арасынан Сұңғат Жұбатқан (66 кило), Асқар Нарқұлов (73 кило), Ерзат Арғынов (81 кило), Ерқанат Молдағұлов (100 кило) және Еламан Ерғалиев (+100 кило) суырылып шығып, бас жүлдені олжалады. Қалған екі салмақта өзбекстандық Достон Рузиев (60 кило) пен моңғолиялық Мунхбаяр Баттогтоо (90 кило) топ жарды. Финалда екеуі де біздің дзюдошылардан айласын асырды. Әйелдер арасындағы жарыс­та Қытай құрама командасы мүшелерінің мерейлері үстем болды. Олар барлық жеті салмақ дәрежесінде дара шықты. Таяуда ғана Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Аруна Жанкелдина Ақтауда күміс медальды мойнына іліп, өз жанкүйерлерін тағы бір қуантты. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы Қытайды алға жіберіп, екінші орынды иеленді.

Тағы бір айта кетерлік жайт, аталған жарыс Азия кубогы мәртебесіне ие. Сол себепті қатысушыларға рейтингтік ұпай беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Өнеркәсіпке енгізілген жасанды интеллект

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

ЖИ стартабын қалай құруға болады?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25

Тайшықовтың тағдыр-талайы

Зерде • Бүгін, 08:10

Ескерткіш тақта орнатылды

Тағзым • Бүгін, 08:05

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:03

ЖИ-дің негізін қалаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Фариза мектебінің мерейі

Руханият • Бүгін, 07:50

Қараңғыдан жарыққа жол тапқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45