Әдебиет • 16 Тамыз, 2022

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды

795 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды

1) Әжібекұлы Қазахбай - «Әл-фараби Әбу Насыр», «Алашорда» шығармалар топтамасы;

2) Жайлыбай Ғалым - «Ай таңбалы арғымақ»  өлеңдер мен поэмалар;

3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлы - «Жүрегім нені сезесің?»  концерті; 

4) Саукетаев Тұрыспек - «Желқайық» романы;

5) Сегізбай Кәдірбек - «Тағдыр толқыны» романы;

6) Смағұлов Сембигали Абзалбекович - «Үш арыс» мүсіндік композициясы;

7) Тұрысбек Секен Кәрімұлы - «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы;

8) Жақыпбай Нұрқанат - «Жібек» мюзиклі;

9) Авторлар ұжымы: Матыжанов Кенжехан Слямжанович, Қасқабасов Сеит Аскарович, Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы, Мадибаева Канипаш Қайсановна, Шапай Тұрсынжан Мұқанұлы - Абай шығармаларының академиялық толық жинағы;   

10) Авторлар ұжымы: Тургараев Бекет, Сергебаев Ескен Аманжолович, Бурганов Александр Николаевич, Бөкебай Саматбек Тәженұлы -  Тарихи-этнографиялық «Мәңгілік ел» саябағы – кесене-ескерткіштер кешені.