Қоғам • 16 Тамыз, 2022

Алматыда электрсамокаттар үшін жол белгілері пайда болады

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы көшелерінде жеке мобильді көліктер, оның ішінде электрсамокаттардың тұрақтары үшін арнайы жол белгілері жасалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда электрсамокаттар үшін жол белгілері пайда болады

Аталған шара қала әкімдігі мен кикшерингтік сервистердің арасында жасалған қолданыстағы меморандум аясында жүзеге асырылуда.

Бірінші кезеңде жол белгілері Достық, Абай, Назарбаев даңғылдары, Гоголь көшесінің бойына жасалып жатыр. Кейін қаланың жүктемесі мейілінше жоғары бөліктерін қамту жоспарлануда. Жыл соңына дейін қала бойынша 500 тұрақ пайда болады.

Тұрақ аумақтары ақ түсті бояумен самокат кескіні арқылы белгіленеді. Тұрақ алаңы шамамен 4 шаршы метрді құрайды, оған 10-ға жуық жалдамалы самокат қоюға болады. Арнайы белгілердің жасалуы қала тұрғындарына жалдамалы самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтірмейтін орындарға қалдыруға мүмкіндік береді.