Президент • 16 Тамыз, 2022

Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудиттің жоғары органының биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы барысы жөнінде баяндалды. 

Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес есептік кезеңде 1,3 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде ақпарат берді. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді.