Аймақтар • 16 Тамыз, 2022

Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында әйелін баларының көзінше ұрып өлтірген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды

Жаға ұстатарлық жағдай биылғы жылдың 28 сәуірінде болған. Өз үйінде алкоголь ішіп отырған М есімді тұрғын 5 жыл бұрынғы әйелінің теріс қылығын есіне алып, қызғаныштан жұбайын қолымен ұрып, аяғымен тепкен.

Жас балаларының көзінше болған оқиғадан жәбірленуші жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ерекше қатыгездікпен қасақана кісі өлтіргені үшін М. - ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен М. ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.