Қылқалам шеберінің шығармаларының көпшілігі әдеби немесе тарихи тақырыптарды қозғайды. Аңыздар мен ертегілер суретшіні ерекше таң қалдырды. Композицияға қатысушылардың бәрі соңғы минутқа дейін дүрбелең ішінде жүреді. Оқтаулы мылтықтар, өткір пышақтар жаналғыш құрал ғана емес, қорғаныш және ажалға араша. Шығарманың эмоционалды қарқындылығы автордың барлық туындысына тән құбылыс. Мұны өнертанушылар да айтады.
Картинаға көз салсаңыз, екі аңшы тау өзенінің жанында ағашқа сүйенген жартасты қалқан еткен. Олардың ашық қызыл және ақ түсті киімі ағаш көлеңкесінен аңға көрінбейді. Кейіпкерлердің қол-аяқтары аң патшасының әрекетін қайталап тұрғандай. Алдағы болар оқиғаны іштей түйсінген аңшылар үлкен пышақты кейінге қалдырған. Бұл деталь түбі олардың арыстаннан айласын асырып, олжаға кенелетінін аңғартады.
Бақсаңыз, жарқыраған көгілдір аспан мен тау ағыны ағаш пен жартастардың терең көлеңкесін кесіп өтіп, жарықтың тепе-теңдігін бұзады. Бұл – бейбіт тау пейзажы жалпы сюжеттің динамизмін күшейтеді. Әбден шыныққан қос аңшы күні бойы арыстанды аңдығанын байқаймыз. Екеуі де ұрысқа сақадай сай. Ал аң болса, түбі тұзаққа түсерін бағамдайтын секілді.
Эжен Делакруа картинамен жұмыс істей отырып, 1855 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрмеде ұсынылған «Арыстан аулау» тақырыбын қайта таңдап алады. Сонымен романтизмнің негізін салушы экзотикалық елдерге саяхаттап, академиялық ескі әлем мәдениетінің жаңа жарқын стилі мен ерекше сюжеттерін өмірге әкелді.