Спорт • 17 Тамыз, 2022

Әлемдік рейтинг жаңартылды

10616 рет көрсетілді

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Бұл жолы біз­дің қыздар бірнеше сатыға жоғары­лап, өздерінің жағдайын біршама жақсартты.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қайта ТОП-25 ойыншының қатарына қосылды. Осы орайда «әттеген-ай» дегеннен басқа айтарымыз жоқ. Егер Уимблдонның нәтижесі есепке алынған­да, сол жарыстың жеңімпазы атанған жерлесімізді бұл күндері үздік ондықтың қатарынан көретін едік. Бірақ амал нешік, осыған да тәубе дейміз. Торонтодағы турнирдің ширек финалына дейін жеткен Юлия Путинцева тоғыз сатыға көтеріліп, қазіргі кезде 37-орынды иеленуде.

Ерлер арасында ресейлік Даниил Медведев дара тұр. Германиялық Александр Зверев пен испаниялық Рафаэль Надаль екінші және үшінші орындарды олжалауда. Пиреней түбегінің тағы бір өкілі Карлос Алькарас пен сербиялық Новак Джокович үздік бестікті түйіндеуде. Қазақстанның ең мықты теннисшісі Александр Бублик 45-орынға тұрақтаса, Михаил Кукушкин 212-сатыға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар

Рубльді сатып алу 31%-ға өсті

Экономика • Бүгін, 15:23

Ұқсас жаңалықтар