Спорт • 17 Тамыз, 2022

Жарысты жеңіспен бастады

10779 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Цинциннати қаласын­да жалауы желбіреген халықаралық турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жеңіске жетті.

Жарысты жеңіспен бастады

Әлемнің 27-ші ракеткасы Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуінде Майар Шерифпен шеберлік байқасты. WTA рей­тингінде 60-сатыға жайғасқан Мысыр елінің өкілі жерлесімізге лайықты қар­сылық көрсете алмады. 1 сағат 12 минутқа созылған сайыс 6:3, 6:2 есебімен аяқтал­ды. Енді Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасады. Кеше түнде Юлия Путинцева америкалық Мэдисон Кизбен күш сынасты. Бұл бәсекенің қалай аяқ­талғаны жайында газетіміздің ертеңгі санында хабарлаймыз. Сондай-ақ осы турнирге Александр Бублик те қатысуға тиіс еді. Алайда ең соңғы сәтте отандасымыз Цинциннатиге барудан бас тартты.