Қоғам • 17 Тамыз, 2022

Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша мердігерге қатаң талаптар қойылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды

«ЖЭО-3 бойынша жұмысты мердігерден талап етіп отырмыз. Қала аумағында құрылыс қарқынды өсіп жатыр, сондықтан бұл үйлердің барлығын жылумен қамтамасыз ету міндеті тұр. 10 жылдан астам уақыт бойы ЖЭО-3 құрылысы бітпей жатыр. Осы орайда мердігер жұмысын аяғына дейін жеткізбесе, олар сотта жауап береді», деді А. Көлгінов қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстарға бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Енді жұмысты дұрыс ұйымдастыру керек.

«Мердігер жұмысты жандандыруға уәде берді. Атап айтқанда, мердігерлердің көбісі өздеріне жүктелген сенімге жауапкершілікпен қарамайды. Бұл тұрғыда қоғамдық қадағалау жұмыстарына, оның ішінде ЖЭО-3 құрылысын қадағалауға мәслихат депутаттарының да қатысуы дұрыс болар еді. Жаңа ғимараттарды уақытылы жылумен қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3 құрылысын аяқтау керек», деді қала әкімі.